Прямая трансляция

Астана

Астана

27°C

Леңгірде әйелді ұрып-соғып, тонап кеткен екі ер адам ұсталды

Түркістан облысы Леңгір қаласында түнгі уақытта жергілікті тұрғынның үйіне заңсыз кіріп, оған дене жарақатын салып, телефонын алып кеткен екі белгісіз адам ұсталды, деп хабарлайды paryz.kz.

Леңгірде әйелді ұрып-соғып, тонап кеткен екі ер адам ұсталды
Фото: видиодан скриншот

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған болатын. Тәжірибелі криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізіп, күдіктілердің жеке басын және олардың орналасқан жерін анықтады.

Күдікті ретінде Төлеби ауданының екі тұрғыны ұсталып, қамауға алынды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.