Прямая трансляция

Астана

Астана

29°C

Қосшыда мұғалім алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Полицейлер алаяқтық әрекет жасады деген күдікпен мұғалімді ұстады, деп хабарлайды paryz.kz.

Қосшыда мұғалім алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Фото: әлеуметтік желіден

Күдіктінің әрекетінен Ақмола облысындағы Қосшы қаласының екі тұрғыны зардап шегіп, оларға жалпы сомасы 22 млн теңге көлемінде залал келтірілген.

Сонымен қатар құқық қорғау органдарының мәліметінше, елорда тұрғындары да зардап шеккен.

"Тергеу мәліметінше, күдікті пәтер сатып алуға көмектесемін деген сылтаумен азаматтардың 14 және 8 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденіп кеткен. Биыл шілде айында оған іздеу жарияланған", - деп жазылған хабарламада.

Әйел Ақтөбе қаласында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

"Құқық қорғау органдарының анықтауынша, күдікті ұсталғанға дейін Ақтөбедегі орта мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істеген. Қазіргі уақытта полицейлер оның жұмысқа орналасу мән-жайларын, соның ішінде білім беру мекемесіне ұсынған құжаттарының түпнұсқалығын тексеріп жатыр", - делінген хабарламада.

Полицейлер жалған құжаттар мен анықтамаларды пайдаланған болуы мүмкін деген болжам жасалып отырғанын жасырмады.