Прямая трансляция

Астана

Астана

35.39°C

Қояндыдағы орталық жағажайда екі қыз суға батып кетті

Астана маңындағы Қояндыда екі қыз суға батып кетті – қайғылы оқиға кеше, 10 тамызда болған. Ақмола облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды paryz.kz.

Қояндыдағы орталық жағажайда екі қыз суға батып кетті
фото: pexels.com

Полиция өкілдері 10 тамызда Қоянды ауылында орналасқан су қоймасының орталық жағажайында екі кәмелетке толмаған қыздың суға батып кеткенін мәлімдеді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.