Прямая трансляция

Астана

Астана

22.77°C

Тоқаев әкесі қайтыс болған Шавкат Рахмоновқа көңіл айтты

Мемлекет басшысы кәсіби спортшы, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды paryz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқаев әкесі қайтыс болған Шавкат Рахмоновқа көңіл айтты
Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

"Бақтыбай Рахмонұлы мағыналы ғұмыр кешкен қадірлі жан болды. Нағыз отаншыл азамат ретінде ел мерейін үстем еткен, бүкіл қазақ жұртының мақтанышына айналған өзіңіздей жігерлі ұрпақ тәрбиелеп өсірді. Әкеңіздің иманы саламат, жаны жәннатта болсын!", – делінген жеделхатта.