Бүгін, 8 тамызда Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды paryz.kz.
«Қазгидромет» мәліметінше, бірқатар өңірде аптап ыстық, қатты жел, найзағай, бұршақ, тұман және шаңды дауыл күтіледі.
Ең жоғары ауа температурасы Түркістан, Қызылорда, Атырау және Маңғыстау облыстарында +40...+42°C-қа дейін көтеріледі. Кей өңірлерде желдің екпіні 25-28 м/с-қа жетуі мүмкін.
Сондай-ақ елдің бірқатар аумағында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
«Қазгидромет» тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтап, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң орындауға шақырды.