Прямая трансляция

Астана

Астана

26.45°C

Қызылордада жалпы сомасы 12 млн теңге алиментті төлеуден жалтарған адам сотталды

Қызылорда облысында алимент төлеуден жалтарған борышкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Paryz.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Қызылордада жалпы сомасы 12 млн теңге алиментті төлеуден жалтарған адам сотталды
фото: pexels.com

Облыс прокуратурасы биыл алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін қасақана орындаудан жалтарған борышкерлерге қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабымен 32 қылмыстық іс тіркеді. Алимент төлеуден жалтарғаны үшін Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес 600 (алты жүз) сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Аталған қылмыстық істер бойынша 12 борышкерге қатысты айыптау үкімдері шығарылып, 5 қылмыстық іс тараптардың татуласуымен тоқтатылды және 3 қылмыстық іс сотта қаралуда, қалған 12 іс қылмыстық қудалау органдарының өндірісінде. 

Мысалы, борышкер Ж.А. 2023 жылдан бастап жиналған 12 млн теңге алимент берешегін төлеуден жалтарғаны үшін Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 20.05.2026 жылғы үкімімен бір жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Облыс прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағу міндеті ата-аналарға жүктелгенін еске салады және алиментті төлеу жөніндегі міндеттерін уақытылы орындауға шақырады.