Прямая трансляция

Астана

Астана

24.07°C

"Әншілер – шайтанның азаншысы": Тойда "уағыз" айтқан ер адам қамауға алынды

Түркістан облысында тойдағы құттықтау сөзінде музыканы харам деп, әншілерді шайтанның азаншысына теңеген ер адам қамауға алынды, деп хабарлады ішкі істер министрлігі.

"Әншілер – шайтанның азаншысы": Тойда "уағыз" айтқан ер адам қамауға алынды
Фото: видиодан скриншот

Бұған дейін хабарланғандай, 66 жастағы тұрғынының сөздеріндегі діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полицияда.

Ішкі істер министрлігі Қазақстан Конституциясында еліміздің зайырлы, құқықтық әрі әлеуметтік мемлекет екені, ал адам, оның құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылықтар екені бекітілгенін еске салды.

"Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, жынысына, дінге көзқарасына және өзге де мән-жайларға байланысты кез келген кемсітуге тыйым салынады. Сонымен қатар сөз бостандығы басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұқпауға тиіс, ал діни және әлеуметтік араздықты насихаттауға жол берілмейді", - дейді тәртіп сақшылары.

ІІМ адамның қадір-қасиетін қорлайтын, әйелдерді кемсітетін, діни немесе әлеуметтік араздықты қоздыратын не қоғамдық келісімді бұзуға бағытталған кез келген жария мәлімдемелерге заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетінін ескертеді.