Прямая трансляция

Астана

Астана

28.38°C

ҰҚК есірткі жеткізудің 33 халықаралық арнасын жойды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл басынан бері Қазақстанда есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы атқарылған жұмыстар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.

ҰҚК есірткі жеткізудің 33 халықаралық арнасын жойды
Фото: ҰҚК

ҰҚК-ның Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, жыл басынан бері есірткі жеткізудің 33 халықаралық және 11 өңірлік арнасы жойылған, үш жасырын зертхананың қызметіне тосқауыл қойылған.

"Барлығы 3,2 кг героин, 8 кг метамфетамин, 70,6 кг апиын, 129,7 кг гашиш, 16 кг гашиш майы, 282 кг марихуана, 156,5 кг қарасора, 56,4 кг психотроптық заттар, сондай-ақ 20 тонна көкнәр сабанының шикізаты мен 3,8 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл барысында есірткіге қарсы 21 халықаралық операция жүргізілген. Бұл құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен Қазақстанның 114 азаматы және 7 шетелдік ұсталған.

Сондай-ақ шекаралас мемлекеттердің аумағында халықаралық қылмыстық топтардың 14 қатысушысының жолы кесілген.