Прямая трансляция

Астана

Астана

26.02°C

Жаңбыр, найзағай: 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» бүгінге, 4 тамызға арналған ауа райы болжамына сәйкес, Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жариялады.

Жаңбыр, найзағай: 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: istockphoto

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстігі, батысы, оңтүстігі және оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Кей өңірлерде нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл және екпіні 15-28 м/с-қа дейін жететін жел күтіледі. Қатты ыстық Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында сақталады. Ауа температурасы кей жерлерде +35...+38 градусқа дейін көтеріледі.

Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және басқа да өңірлерде найзағай, бұршақ, дауыл мен қатты жел болжанып отыр. Кей аймақтарда шаңды дауыл мен тұман болуы мүмкін.

Сонымен қатар елдің басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Әсіресе Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе және бірқатар басқа өңір тұрғындарына ерекше сақ болу ескертілді.