Прямая трансляция

Астана

Астана

31.01°C

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 4, 5 және 6 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto

Алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағына солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.

Метеорологтардың айтуынша, суық ауа массаларымен толығатын циклон еліміздің көптеген өңіріне жаңбыр мен найзағай алып келеді.

«Солтүстік және орталық аймақтарда кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Жауын-шашынмен бірге Қазақстанға салқын ауа ағыны да енеді. Соның әсерінен ауа температурасы соңғы күндермен салыстырғанда айтарлықтай төмендейді», - деп хабарлады Қазгидромет. 

Солтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы +22…+27 градус шамасында болады. Ал шығыс Қазақстанда аптап ыстық біртіндеп басылады. Егер бұған дейін ауа температурасы +33…+38 градусқа дейін көтерілсе, алдағы күндері +27…+32 градусқа дейін төмендейді.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының құбылуына байланысты сақтық шараларын ескеріп, дауылды ескертулерді қадағалап отыруға кеңес береді.