Прямая трансляция

Астана

Астана

30.87°C

Алматыдағы түрмеде екі сотталған адам суицид жасады деген ақпарат тарады

Әлеуметтік желілерде Алматы қаласындағы қауіпсіздігі ең төменгі мекемеде екі сотталғанның бірінен кейін бірі өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды paryz.kz.

Алматыдағы түрмеде екі сотталған адам суицид жасады деген ақпарат тарады
Фото: Baq.kz.

Комитеттің мәліметінше, Алматы қаласындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде екі сотталғанның суицид жасағаны туралы тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Сондай-ақ ведомство Алматы қаласының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын, ахуал тұрақты екенін хабарлады.

ҚАЖК азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тек ресми әрі сенімді ақпарат көздеріне ғана сүйенуге шақырды.

Сонымен қатар комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.