ТЖМ мәліметінше, өрт Ералиев көшесінде орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерден шыққан. Жалын шамамен 20 шаршы метр аумақты шарпыған.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД қызметкерлері тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарып, өрт ошағынан газ баллонын алып шықты. Бұл жалынның күшеюі мен жарылыс қаупінің алдын алуға мүмкіндік берді. Өрт қысқа уақыт ішінде оқшауланып, толықтай сөндірілді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды тұрмыста өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу құтқару қызметіне хабарласуға шақырды.