Шолпан-Атада Орталық Азия мемлекеттері мен Әзербайжан басшыларының бейресми консультативтік кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлады Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі.
Іс-шара басталар алдында Садыр Жапаров Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті қарсы алды.
Қарсы алу рәсімі мен бірлескен суретке түсуден кейін мемлекет басшылары келіссөздер өтетін залға беттеді. Кездесуге қатысушылар өңірлік ынтымақтастықты дамыту, әріптестікті нығайту, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды.