Прямая трансляция

Астана

Астана

29.31°C

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

Бүгін, 29 шілдеде Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді. ТЖМ-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, мегаполистегі дүмпу күші 2 балл болған, деп хабарлайды paryz.kz.

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді
Фото: istockphoto

2026 жылғы 29 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 11:09-да ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан. Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендіктің 41.357° және шығыс бойлықтың 78.778°.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер: Алматы қ. 2 балл Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.