Прямая трансляция

Астана

Астана

26.59°C

Семей орманында 12 күнге созылған өрт толық сөндірілді

2026 жылғы 16 шілдеде «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Камышенка орманшылығы аумағында тіркелген орман өрті 28 шілдеде толық сөндірілді.

Семей орманында 12 күнге созылған өрт толық сөндірілді
Фото: ТЖД

Өртті сөндіру жұмыстарына Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Қорғаныс министрлігінің күштері мен техникалары жұмылдырылды.

Ведомстволардың үйлесімді әрі жедел іс-қимылының нәтижесінде өрт ошағы толық жойылып, жағдай толық бақылауға алынды.