Прямая трансляция

Астана

Астана

29.37°C

КТК мұнай тиеуді қайта бастады

Каспий құбыр консорциумы жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдауды және оны Новороссийск портындағы теңіз терминалы арқылы тиеу операцияларын қайта бастады, деп хабарлайды paryz.kz.

КТК мұнай тиеуді қайта бастады
Фото: oilexp

Қазіргі уақытта КҚК-ның екі айлақ құрылғысында SEAMAJESTY және MILOS танкерлеріне мұнай тиеу жүзеге асырылуда. Екі кеме де «Теңізшевройл» ЖШС мұнайын қабылдап жатыр. Мұнай қабылдаудың қайта жандануы мұнай өндіруші компанияларға шикізатты құбыр жүйесіне жеткізуді жалғастыруға және теңіз терминалы арқылы экспорттық операцияларды қайта бастауға мүмкіндік береді.

Теңіз терминалындағы операциялар ағымдағы жағдайды бағалау және қауіпсіздік талаптарын сақтау ескеріле отырып жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі КҚК басшылығымен, ірі жүк жөнелтушілермен және үдеріске қатысушы басқа да тараптармен тұрақты өзара іс-қимыл жасап келеді.

Ведомство жағдайды бақылауды жалғастырып, қазақстандық мұнайды одан әрі тасымалдауды қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарды үйлестіруде.