Прямая трансляция

Астана

Астана

21.87°C

Қазақстанда пластикалық хирургия клиникаларында өрескел заңбұзушылықтар анықталды

Қазақстандағы пластикалық ота жасайтын медициналық ұйымдарда заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды paryz.kz.

Қазақстанда пластикалық хирургия клиникаларында өрескел заңбұзушылықтар анықталды
Фото: sputnik.kz

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтуынша, қажетті құжаттардың болмауы, мамандарда сертификаттың жоқтығы, анестезиологиялық көмектің өз деңгейінде болмауы сынды бірқатар заңбұзушылықтар анықталған.

"Тексеру қорытындысы бойынша аталған медициналық ұйымдардың бірқатар қызметкері жұмыстан шеттетілді. Жиналған материалдар құқық қорғау органдарына жолданды. Ал медициналық мекемелердің лицензиясын қайтарып алу мәселесі сот тәртібімен қаралады. Бұл саладағы талаптарды міндетті түрде күшейтеміз. Бақылауды қатаңдатамыз", - деді Сұлтанғазиев.

Айтуынша, пластикалық ота жасайтын мекемелердің барлығына тексеру жүргізіледі.