Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлады "Қазгидромет".
Республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 2 маусымда Павлодар облысында жаңбыр жауады.
Ал 3 маусымда Атырау және Маңғыстау облыстарында, 3-4 маусымда Ақтөбе облысында, 4 маусымда Қостанай облысында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады деп болжанып отыр.
Республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Ауа температурасы батыста күндіз +23…+28°С-қа дейін көтеріледі. Солтүстік-батыста +13…+26°С аралығында құбылады. Солтүстікте +25…+32°С, орталық пен шығыста +27…+36°С дейін ыстық болады. Оңтүстік пен оңтүстік-батыста температура сәл төмендейді. Шығыста ауа температурасы +25…+35°С шамасында сақталады.