Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Астанада өрт кезінде 36 адам құтқарылды

Бүгін Астананың Алматы ауданында Манас көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үй кешенінің 4-қабатындағы пәтерде үй заттары мен жиһаз өртенді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астанада өрт кезінде 36 адам құтқарылды
Фото: ТЖМ

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетіп, өртті сөндіру жұмыстарына бірден кірісті.

Құтқару жұмыстары барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны 6 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды. 

Сонымен қатар ғимараттан 30 адам эвакуацияланды. Өрт 25 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.