Прямая трансляция

Астана

Астана

21°C

Жетісу облысында құмар ойын ойнаған қызметкер лауазымынан айырылды

Жетісу облысында мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін жұмыстан босатылды.

Жетісу облысында құмар ойын ойнаған қызметкер лауазымынан айырылды
Фото: pexels

Ақсу ауданының прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына талдау жүргізу барысында әдеп және құқықтық нормалардың өрескел бұзылу фактісін анықтады.

Атап айтқанда, мемлекеттік орган қызметкері заңмен белгіленген тыйымдарға қарамастан, құмар ойындарға қатысқаны белгілі болды. Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметші атқарып отырған лауазымынан босатылды.

«Жетісу облысының прокуратурасы осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына назар аударады. Әрбір мемлекеттік қызметші қоғам алдындағы жауапкершілігін сезініп, заң талаптарын мүлтіксіз сақтауы тиіс, - деп хабарлады Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.