2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда 446 000-нан астам азамат ресми түрде жұмыссыз саналған. Сонымен қатар 4,8 млн-нан астам адам жұмыс күші болып есептелмейді, деп хабарлайды Paryz.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.
2025 жылдың соңында Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2026 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш сәл төмендеп, 4,5 пайыз болды.
Сарапшылардың бағалауы бойынша, елде 9 838 074 адам жұмыс күші ретінде саналады: жұмыспен қамтылған халық саны – 9 392 025 адам; жұмыссыздар – 446 049 адам.
Жұмыссыздық деңгейі ең жоғары өңір – Маңғыстау облысы – 5 пайыз.