Прямая трансляция

Астана

Астана

15°C

461 486 теңге: Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері аталды

2026 жылдың I тоқсанында Қазақстандағы орташа айлық атаулы жалақы 461 486 теңгені құрады, деп хабарлайды Paryz.kz

461 486 теңге: Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері аталды
фото: paryz.kz

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда орташа жалақы 9,1 пайызға өскен. Алайда инфляцияны есепке алғанда нақты өсім 2,3 пайызға төмен болды.

I тоқсандағы жалақының медианалық мәні, яғни жалақы қатарының орталық деңгейі 331 527 теңгені құрады.

Өңірлер арасында орташа айлық атаулы жалақының ең жоғары өсімі Абай облысында тіркеліп, 405 425 теңгеге жеткен. Павлодар облысында бұл көрсеткіш 448 906 теңге, Жетісу облысында – 346 199 теңге, Алматы облысында – 376 012 теңге, ал Алматы қаласында – 574 162 теңге болды.

Ең жоғары орташа жалақы Маңғыстау облысында тіркелді – 659 801 теңге. Ұлытау облысында орташа жалақы 655 995 теңге, Атырау облысында 652 950 теңгені құрады.