Прямая трансляция

Астана

Астана

24°C

Өскемендегі жарылыс: 2 адам қаза тауып, 5-еуі жарақат алды

Өскемендегі металлургиялық кәсіпорын аумағында болған жарылыс салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бесеуі түрлі жарақат алды. Бұл туралы «Казцинк» компаниясы ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Өскемендегі жарылыс: 2 адам қаза тауып, 5-еуі жарақат алды
Фото: ТЖМ

Компанияның хабарлауынша, оқиға таңертең Өскемен металлургиялық алаңында болған.

«Алдын ала мәліметке сәйкес, түтін сорғышты (дымосос) тазалау жұмыстары кезінде газ-ауа қоспасының жарылысына ұқсас хлопок болып, кейін өрт шығып, құрылымдардың бір бөлігі опырылған. Жарақат алған бес адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиға орнына жедел қызметтер дереу жетіп, өртті сөндіру және салдарын жою жұмыстарын жүргізуде», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта арнайы комиссия құрылып, оқиғаның себептері мен мән-жайын жан-жақты тексеру басталды.

«Казцинк» компаниясы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Қаза болғандардың отбасыларына және зардап шеккендерге материалдық әрі психологиялық қолдау көрсетіледі, – делінген ресми хабарламада.