ҚМА-ның Шымкент қаласы бойынша департаменті өзін экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкері ретінде таныстырған тұлғаның заңсыз әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды ҚМА-ға сілтеме жасаған Paryz.kz.
Агенттіктің мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйекте күдікті өзін ЭТҚ қызметкері ретінде таныстырып, жергілікті компаниялардың бірінің басшысынан алдау жолымен 25 млн теңге иемденген.
"Ақша қаражаты медициналық мекемені тексеруге жататын субъектілер тізімінен шығарып беруге ықпал ету сылтауымен алынған", - делінген хабарламада.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
ҚМА ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайтынын мәлім етті.
"Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақ болуға, ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге және алаяқтардың айласына алданбауға шақырады.