Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

Яна Легкодимованың өлімі: Қылмыскерлерге қатысты жаңа дерек шықты

Яна Легкодимованы өлтіргені үшін өмір бойына сотталған Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Катимов Қостанай облысында орналасқан «Қара бүркіт» түрмесіне жіберілді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Яна Легкодимованың өлімі: Қылмыскерлерге қатысты жаңа дерек шықты
Коллаж: kazinform

Бұл ақпаратты Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті растады. Алдын ала мәлімет бойынша, уақытша ұстау изоляторында қамауда отырған екі айыпталушы 19 сәуір күні арнайы вагонмен түрмеге жіберілген.

Еске салайық, Ризуан Хайыржанов пен Алтынбек Катимовқа қатысты сотүкімі 2025 жылдың 17 қарашасында шықты. Сот оларды жәбірленушіні аса қатыгездікпен өлтіргені үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.