Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Атырау қалалық полиция басшысы қамауға алынды

Атырау қалалық полиция басқармасының бұрынғы басшысы уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Атырау қалалық полиция басшысы қамауға алынды
Фото: gov.kz

Басылымның мәліметінше, Бақтыбек Исаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілген. Алдағы күндері тергеу соты оған бұлтартпау шарасын анықтайды.

Сонымен қатар облыстық есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Әлішер Нұршаев пен полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы Саламат Қалиевке қатысты да бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қарастырылуда.