Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Атырау полициясының бастығы жұмыстан шығарылып, қамауға алынды

Атырау қалалық полиция басқармасының бастығы Бақтыбек Исаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Атырау полициясының бастығы жұмыстан шығарылып, қамауға алынды
Фото: Baq.kz.

Ведомствоның нақтылауынша, жоспарлы қызметтік тексеру барысында қалалық полиция басшысы тарапынан құқыққа қайшы әрекеттер жасау фактілері анықталған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарынан теріс себептермен шығарылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды, - деп хабарлады ІІМ.