Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған

Астанадағы қалалық емхананың бұрынғы басшылық құрамы тұрғындарды емдеуге арналған бюджет қаражатын ұзақ уақыт бойы жымқырып келген деп күдікке ілінді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған
Фото: frepek

Бұл жөнінде қалалық прокуратура хабарлады. Прокуратура мәліметінше, жымқырылған қаржы емхана басшылығының жақын туыстары мен үлестес тұлғалардың шоттарына аударылған.

Осылайша жымқыруды заңды қаржылық операциялар ретінде бүркемелеген. Жымқырылған қаражаттың бір бөлігі қымбат тұрмыстық техника сатып алуға және Италияға туристік сапарлардың ақысын төлеуге жұмсалған. Мемлекетке келтірілген жалпы залал 675 млн теңгеден асты.

«Бұл дерек бойынша прокуратура органдары Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», – делінген хабарламада. Қазіргі уақытта елорда прокуратурасының арнайы прокурорлары қылмыстық іс аясында тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.