«Қазгидромет» РМК бүгінге, 6 сәуірге арналған ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, Теміртау, Қарағанды және Астана қалаларында, сондай-ақ түнде Атырау, Қостанай және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеожағдайлар – ауада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін факторлар (тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман, инверсия). Мұндай кезде елді мекендерде атмосфералық ауа сапасы төмендеуі мүмкін.