Ақмола облысы Қорғалжын ауданында "Шөптікөл" бөгеті бұзылды. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап
ТЖМ мәліметінше, гидротехникалық нысан Сабынды ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым жерде орналасқан.
"Оқиға орнында суды қауіпсіз өткізу бойынша жедел жұмыстар жүргізілуде. Апат салдарын жоюға ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция бөлімі және жол қызметтерінің күш-құралдары жұмылдырылған", - деді ТЖМ баспасөз қызметі өкілдері.
Шамамен 170 адам және 43 техника тартылған. Бөгетті нығайту, инертті материалдар төгу және суды бұру жұмыстары жүріп жатыр. Жағдай ТЖМ-нің тұрақты бақылауында