Жамбыл облысындағы сарбаздың өлімінен кейін Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлім рота командиріне қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлады бас әскери прокуратура.
"Осы жылдың 27 қаңтарында сарбаз Е.Рустемұлының қаза болу себептерінің бірі болған Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлім рота командирінің қызметке салғырт қарауы бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды", - деп жазылған хабарламада.
Тергеу кезінде лауазымды тұлғаның жеке құрамның қызметін және әскери қызметшілердің қаруды қолдануын бақыламағаны, сонымен қатар қаза болған сарбаздың қызметтестеріне қатысты билік өкілеттігін асыра пайдаланғаны анықталды.
Қысқа мерзім ішінде қажетті дәлелдер жиналып, қылмыстық іс сотқа қарау үшін жолданды. Сарбаздың өліміне қатысты басқа да мән-жайларды тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы бойынша, алдын ала тергеу деректерінің басқа мәліметтері жариялауға жатпайды, дейді прокуратурада.
Еске салайық, Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаруды ұстау кезінде жарақат алып, көз жұмды.