Алматыда полицияның бұрынғы тергеушісі қылмысты жасырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды paryz.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.
Арнайы прокурорлар Алматы қаласы Наурызбай ауданы Полиция басқармасының бұрынғы тергеушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
Тергеу барысында тергеуші 14 қылмыстың жасалғаны туралы мәліметтер қолында бола тұра, оларды тіркеуді қасақана жасырып, қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке алудың белгіленген тәртібін бұзғаны анықталды.
Жүргізілген кешенді тергеу әрекеттері айыпталушының құқыққа қарсы әрекетін растады. Күдіктінің әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 433-бабы 2-бөлігімен сараланды.
Сот үкімімен бұрынғы тергеуші кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте 3 жыл мерзімге қызмет атқаруға тыйым сала отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды, - деп хабарлады Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі. Сондай-ақ сотталған «полиция лейтенанты» арнаулы атағынан айырылды.