Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Қазақстанда ипотека шарттары өзгеруі мүмкін

Қазақстан Ұлттық банкінде ипотекалық бағдарламалар шарттарын қайта қарау мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл туралы қаржы реттеушісі төрағасы Тимур Сүлейменов Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда ипотека шарттары өзгеруі мүмкін
Фото: pexels

Ол елде ипотекалық қарыз алушылар саны азаймай отырғанын атап өтті.

Осыған байланысты келесі жылдың шілде айынан бастап біз әдіснамамен жұмыс істеп жатырмыз – белгілі бір шаралар қабылдаймыз. Себебі, тағы да қайталап айтамын, жылдық 25% мөлшерлемемен ипотека – өте қауіпті. 10 жылдағы артық төлем үш есеге дейін жетеді. Біз қаржылық тұрақтылықтың бұзылуына жол бермеуіміз керек, азаматтарымыздың қаржылық кіріптарлыққа түсуіне жол бермеуіміз қажет, – деді Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов.