Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Түркістан облысында әкесін ұрып өлтірген асабаның жазасы күшейтілді

Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы прокуратураның апелляциялық өтінішін қанағаттандырып, өз әкесіне жәбір көрсеткен Алмас Садақбаевқа қатысты үкімді қайта қарады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Түркістан облысында әкесін ұрып өлтірген асабаның жазасы күшейтілді
Фото: әлеуметтік желіден

16 қаңтарда бірінші сатыдағы сот үкімімен оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.

Алайда прокуратура бұл жазаны тым жеңіл деп санап, сот шешіміне наразылық білдірді. Апелляциялық сот барысында Садақбаевтың дәрменсіз күйдегі әкесіне жүйелі түрде күш көрсеткені, ұзақ уақыт бойы қорлап, денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені анықталды.

Тіпті, қария қайтыс болғаннан кейін сотталушы бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарламай, мәйітті өз бетінше жерлеген. 2026 жылғы 31 наурызда сот алқасы үкімді өзгертіп, жаза мерзімін 6 жылға дейін ұзартты. Қаулы заңды күшіне енді.