Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Алматыда ұсталған блогер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамауға алынды

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі қазақстандық блогер Әділетхан Молдаханның 10 тәулікке қамауға алынғанын мәлім етті, деп хабарлайды paryz.kz.

Алматыда ұсталған блогер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамауға алынды
Фото: әлеуметтік желіден

Кеше Алматы полиция департаменті Әділетхан Молдаханға қатысты көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін сотқа дейінгі тергеу бастағанын хабарлаған едік.

Күдіктінің уақытша ұстау изоляторында екені айтылды. Бүгін Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне оған қатысты қандай бұлтартпау шарасы таңдалғанын мәлім етті. 

"Бұған дейін хабарланғандай, Алматы полиция департаменті көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Сот бұрын сотталған күдіктіге 10 тәулікке дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Өзге ақпарат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді", - делінген хабарламада.