Грузияда Қазақстанның ішкі істер органдарының сұрауы бойынша халықаралық іздеуде жүрген бес адам ұсталды. Олардың біреуі – 10 млрд теңгені алаяқтық жолмен алды деген күдікті, деп хабарлайды paryz.kz.
ІІМ мәліметінше, Грузияда ұсталған төрт азамат алаяқтық бойынша, біреуі есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты іс бойынша іздеуде болған. Қазақстан полициясы іздеуде жүрген күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша шетелдік әріптестерімен бірлесіп тұрақты жұмыс жүргізген.
ІІМ-нің ақпаратына сүйенсек, Батумиде ұсталған 37 жастағы Қазақстан азаматы 2014-2020 жылдар аралығында Алматы қаласында ұйымдасқан топ құрамында коммерциялық ұйымның атын жамылып, қаржы пирамидасын құрған.
"Инвестиция ретінде азаматтардың қаражаты тартылғанымен, нақты инвестициялық табыс болмаған, ал төлемдер жаңа салымшылардың есебінен жүргізілген. Заңсыз әрекеттердің салдарынан 1451 азамат зардап шегіп, келтірілген жалпы шығын 10,4 млрд теңгеден асты. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасад", - деді полиция өкілдері.