Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Санжар Боқаев екі айға қамауға алынды

Қылмыстық іс бойынша ұсталған Санжар Боқаев Алматыда 18 наурызда қамауға алынды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Санжар Боқаев екі айға қамауға алынды
Фото: әлеуметтік желіден

Ведомствоның баспасөз қызметі Боқаевтың екі айға қамауға алынғанын растады.

Бас прокуратура бұған дейін Санжар Боқаевтың жалған ақпарат тарату және теріс қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желіде жеке тұлғалардың саябақтарда ағаштарды заңсыз кесіп, құрылыс алаңдарынан мүлік ұрлап жатқаны туралы бейнежазба жариялағанын мәлімдеген еді.

Кейін ведомство өкілдері оның тұтқындалғанын хабарлады. Сондай-ақ желіде Санжар Боқаевтың "ұсталған сәті" делінген видео жарияланды.