Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Алматыда пойыз бен автобус соқтығысты

"Алматы — Боралдай — Шамалған ст." автожолындағы теміржол өткелінде жол апаты болды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда пойыз бен автобус соқтығысты
Фото: ҚТЖ

"Көмір станциясынан шыққан пойыз өткел арқылы қозғалып келе жатқан. Маршруттық автобустың жүргізушісі пойызға жол бермеген", - дейді облыстық полиция департаментінде.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Жол апатынан 6 адам зардап шеккен. Денсаулық сақтау басқармасы өмірлеріне қауіп жоқ дейді.

"Жол апатынан 6 адам зардап шекті. Оларды жедел жәрдем бригадалары Іле ауданының орталық аудандық ауруханасына және Боралдай кентінің аудандық ауруханасына жеткізді", - дейді басқармада.

Қажетті тексеруден және медициналық көмек көрсетуден кейін пациенттер амбулаториялық емдеуге жіберіледі