Жамбыл облысының аумағында алаяқтық бойынша күдікке ілінген ерлі-зайыпты ұсталды, деп хабарлайды paryz.kz.
Ақпараттық медиапорталдың жазуынша, ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері Жамбыл облысының аумағында халықаралық іздеуде жүрген 40 жастағы ер адам мен оның 45 жастағы жұбайын құрықтаған.
"Күдіктілер сенімге кіре отырып, түрлі сылтаумен Астана және Семей қалаларының тұрғындарының шамамен 200 млн теңге көлеміндегі қаражатын иемденген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында іздеуде жүргендердің ұзақ уақыт бойы Жамбыл облысындағы елді мекендердің бірінде таныстарының үйінде жасырынғаны анықталды", - деп жазады ІІМ-нің ведомстволық сайты.
Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалған.