Әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол апатынан кейін Алматы полициясында қызметтік тексеріс басталды. Бұл туралы департамент басшысы Айдын Қабдулдинов мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Қабдулдинов халықпен кездесу өткізді. Сол кезде Әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол апатына қатысты соңғы ақпаратты да жариялады.
"Полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Олардың әрекетіне нақты құқықтық баға беріледі. Егер кінәсі дәлелденсе, ең қатаң шаралар қабылданады", – дейді Қабдулдинов.
Оның айтуынша, қазіргі кезде кінәлі көлік жүргізушісі ауруханада жатыр. Оны шығарған бойда қамауға алады.