Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі вайнер Мейіржан Төребаевтың бостандыққа шыққанын растады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Бірнеше күн бұрын қаржы пирамидасы ісі бойынша сотталған вайнер Мейіржан Төребаев жазасын өтеп шығып, үйіне оралғанын мәлімдеді. Жарияланған кадрларда оны отбасы мен достары қарсы алғанын байқауға болады.
NUR.KZ тілшісі ҚАЖК баспасөз қызметіне вайнердің бостандыққа шыққаны туралы ақпаратқа қатысты түсінік беруді сұрап, сауал жолдады. Олар Төребаев жазасын толық өтегенін растады.
"Сотталған адам сот тағайындаған жазаны толық өтегеніне байланысты босатылды", - деп атап өтті ҚАЖК өкілдері.