Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі наурыз айында бақылау-өткізу бекеттерінде бірқатар заң бұзушылықтарды анықтап, жолын кесті.
Жамбыл облысында шекарашылар шетелге 1 млрд теңге сомасына 160 тонна кен мен бағалы металдар концентраттарын (құрамында алтын бар құм) заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.
Ал Ақтөбе облысында жүк автокөлігінің тіркемесінде өткізу пунктінен жасырын өтуге әрекеттенген 18 шетел азаматы анықталды.
Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында "синтетикалық есірткілерді" дайындауға арналған көлемі 5100 литр прекурсорлардың ірі партиясы табылды.