Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Синоптиктер 13 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

21 наурыз күні Қазақстанның 13 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі, деп хабарлайды paryz.kz.

Синоптиктер 13 қаланың тұрғындарына ескерту жасады
Фото: istockphoto

Синоптиктердің болжамынша, ҚМЖ келесі қалаларда байқалады: Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Орал, Ақтөбе, Өскемен, Риддер, Алматы және Астана.

Қолайсыз метеожағдайлар – бұл желдің әлсіз болуы, тұман, ауа инверсиясы сияқты факторлардың қосындысы. Осындай кезде ауада зиянды заттар жиналып, ластану деңгейі артады.