Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Астана әуежайында 20-дан астам рейс кейінге шегерілді

Бүгін Астана әуежайында 20-дан астам рейс кешікті. Әуежайдың баспасөз қызметі өкілдері оның себебін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астана әуежайында 20-дан астам рейс кейінге шегерілді
Фото: nur.kz

Әуежайдың баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне Астана әуежайында қазіргі уақытта рейстер кешіктіріліп жатқанын айтты: ұшып келетін 14 рейс және 9 ұшып шығатын рейс өз уақытымен ұшпаған.

Әуежай өкілдерінің айтуынша, кешігу негізінен ұшақтардың кеш келуіне байланысты. Астанадағы метеорологиялық жағдайға байланысты ұшып шығатын рейстер кешікітірілген жоқ деп атап өтті баспасөз қызметі.

Сондай-ақ жолаушыларға рейстердің мәртебесін call-орталығынан және онлайн таблодан тексеру ұсынылады.