Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Елде қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша рақымшылық жарияланады

Жақын арада бірқатар маңызды заң жобасы Парламент қарауына енгізіледі. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлім етті.

Елде қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша рақымшылық жарияланады
Коллаж: kazinform

— Бұдан бөлек, Президентіміз бірқатар қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша рақымшылық жариялау жөнінде шешім қабылдады. Сессия соңына дейін бұл заңды да қабылдауға тиіспіз. Сондықтан бізге — депутаттарға зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Жаңа Конституцияның нақты іске асуын қамтамасыз ету бізге бұйырып отырғаны — зор мәртебе. Сондықтан осы тарихи миссияны абыроймен атқарайық! Президентіміз айтқандай, біз Халық Конституциясын келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді терең сезіне отырып қабылдадық. Ендеше, Ата заңымыз келер ұрпақтарымызбен бірге жасай берсін! , — деді Е. Қошанов Мәжілістің жалпы отырысында.