Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Жаңа Конституция бойынша референдумның алдын ала нәтижесі жарияланды

Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумның алдын ала нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жаңа Конституция бойынша референдумның алдын ала нәтижесі жарияланды
Фото: Ақорда

Ресми мәліметке сәйкес, қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдады.

Алдын ала нәтиже: "Иә, қабылдаймын" - 87,15%. Ал 898 099 адам "Жоқ, қабылдамаймын" деп дауыс берген.

Берілген дауыс санын есептеу кезінде 146 558 дана жарамсыз бюллетень анықталған.

Ал Жарамды, бірақ есепке алынбаған бюллетеньдер саны - 127 868 дана. Айта кетері, жаңа Конституция бойынша өткен республикалық референдумда барлығы 9 млн 127 мың 192 адам өз таңдауын жасады.

Олардың ішінде 7 954 667 азамат жаңа Конституцияны қолдады.