Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қазгидромет 17 өңірде дауылды ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 12 наурызда Қазақстанның барлық 17 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қазгидромет 17 өңірде дауылды ескерту жариялады
Фото: istockphoto

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Қарағандыда қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с. Павлодарда қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Алматы облысының оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, тау аудандарында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 25 градус қатты аяз күтіледі.

Алматыда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15 м/с.

Қонаевта кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығтыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 12 наурызда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.

Петропавлда түнде қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с.

 

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Шымкентте кей уақыттарда тұман күтіледі. Түркістанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Атырау облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Семейде қар, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, тұман. күтіледі.

Оралда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Тұман күтіледі. Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбеде кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. 

Өскеменде күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Қостанай облысында қар, бұрқасын, облыстың солтүстігінде аздаған қар, бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с.

Қостанайда түнде аздаған қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі.

Қызылорда қ: 12 наурызда кей уақытта тұман күтіледі. Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Ақмола облысында қар жауады, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Көкшетауда түнде қар жауады, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Таразда кей уақыттарда тұман күтіледі. Астанада кей уақыттарда қар, бұрқасын күтіледі. Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі.

Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында 25 градус қатты аяз күтіледі.