Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Таразда жолаушы автобус жүргізушісін пышақтады

Таразда мас күйдегі жолаушы автобус жүргізушісін пышақтады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Таразда жолаушы автобус жүргізушісін пышақтады
Фото: видиодан скриншот

Оқиға 9 наурызда Тараз қаласында болды. №11 автобуста мас күйдегі жолаушы жүргізушіден жұмыс уақыты аяқталғанына қарамастан, бағыт бойынша жүруді талап еткен. Жанжал төбелеске ұласып, 40 жастағы ер адам 59 жастағы жүргізушіні пышақтаған.

«Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті. 

Жарақат алған жүргізуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Шабуыл жасаған адам «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.