Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Щучинсктегі кафеде болған жарылыс: қаза тапқандар саны 9 адамға дейін артты

Щучинск қаласындағы "Центр плова" кафесінде болған жарылыс пен өрт салдарынан қаза тапқандар саны 9 адамға дейін артты. Бұл туралы Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған Paryz.kz.

Щучинсктегі кафеде болған жарылыс: қаза тапқандар саны 9 адамға дейін артты
Фото: ашық дереккөз

Ведомствоның мәліметінше, Щучинсктегі жарылыс салдарынан 28 адам зардап шеккен, оқиға болған күні 7 адам қайтыс болған. 5 адам оқиға орнында, 2 адам ауруханада көз жұмған.

Зардап шеккен бес адам санитарлық авиациямен Астанаға жеткізілген. 2 наурыздағы жағдай бойынша "Авиценна-Бурабай" ауруханасында төрт пациент, Ақмола облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде тағы төрт пациент қалған.

"Аймақ дәрігерлері әрбір пациенттің өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Алайда қабылданған барлық шараға қарамастан, Щучинск стационарында жатқан ауыр халдегі екі пациенттің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Осылайша, Щучинсктегі қайғылы оқиға салдарынан құрбан болғандар саны 9 адамға жетті.