Белгілі қазақ ғалымы, академик Асқар Жұмаділдаев 70 жасқа толды. Осыған орай отандық кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов ғалымға сый-құрмет көрсетті, деп хабарлайды paryz.kz.
Қазақ ғылымы мен білім саласының көрнекті өкілі, белгілі ғалым, Ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаевтың 70 жас мерейтойына орай ерекше құрмет көрсетілді. Айтулы датаға орай кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов ұстазға автокөлік сыйға тартты.
"Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев ағамызға тосын сый! Қазақтың тірі қазынасының бірі, ардақты ұстазымыз Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев 70 жасқа толды. Осы мерейтойына орай Жұмабек Жанықұлов ағамыз ерекше тосын сый жасап, ағамызға автокөлік мінгізді. Ағамызды мерейлі жасымен шын жүректен құттықтаймыз! Деніне саулық, ұзақ ғұмыр, тілейміз", - деп жазды кәсіпкер Сырымбек Тау Instagram желісіндегі парақшасында.